Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу
үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер
сымсыз құрылғы мен имплантация жасайтын
медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық
жүрек стимуляторы немесе имплантация жасайтын
кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық
кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс деген
кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар
төмендегілерді орындауы тиіс:
•
Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық
құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс
ұстаңыз.
•
Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу
керек.
•
Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға
қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
•
Кедергі барынан күмәнданған жағдайда,
сымсыз құрылғыны өшіру керек.
•
Имплантация жасайтын медициналық
құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны
сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде
сұрақтарыңыз болса, денсаулық сақтау орталығымен
кеңесіңіз.
Ескерім: Бұл құрылғының беткі
қабаттарында никель болмайды. Бұл құрылғының
бетінде шірімейтін болат болады.