Жад картасын салу
Жад картасы құрылғыға салынып
қойылған болуы мүмкін. Егер олай
болмаса, төмендегілерді
орындаңыз:
1 Салынған болса, артқы қақпақты
ашыңыз да, батареяны алыңыз.
2 Карта ұстағышын сырғытып,
құлпын ашыңыз және оны
ашыңыз.
3 Жад картасын контакт аймағын
төмен қаратып салыңыз.
4 Карта ұстағышын қайта
орнатыңыз. Құлыптау үшін карта
ұстағышын сырғытыңыз.
5 Батарея мен артқы қақпақты
орнына салыңыз.
Құрылғыны қолдану үшін Nokia
мақұлдаған microSD карталары
мәнерлерді ғана қолданыңыз. Nokiа
индустрия стандартын есте сақтау
карталарына қолданады, бірақ
кейбір брендтер толығымен бұл
құрылғыға сәйкес келмейді. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және
картаға нұқсан келтіреді және ондағы
деректерді жойып жіберуі мүмкін.