Bluetooth байланысы туралы ақпарат
Bluetooth байланысының көмегімен
мобильді телефондар,
компьютерлер, шағын гарнитуралар
мен көлік жинақтары сияқты басқа
үйлесімді құрылғылармен сымсыз
байланыс орнатуға болады.
Бұл байланысты суреттерді,
бейнеклиптерді, музыка және дыбыс
клиптерін және жазбаларды жіберу,
сыйысымды компьютерден
файлдарды тасымалдау және
сыйысымды принтермен суреттерді
басып шығару үшін пайдалануға
болады.
Bluetooth сымсыз технологиясы бар
құрылғылар радио толқындар
арқылы байланысатындықтан,
олардың бір-бірінің жанында
орналасуы шарт емес. Дегенмен,
олардың арасындағы қашықтық 10
метрден (33 футтан) аспауы керек
және де байланысқа қабырғалар
сияқты нысандар немесе басқа
электрондық құрылғылар кедергі
жасауы мүмкін.
Бұл құрылғы 2.0 + EDR Bluetooth
сипатына сәйкес келеді және келесі
профильдерді қолдайды:
жетілдірілген дыбыс тарату, дыбыс
пен бейнені қашықтан басқару,
қарапайым сурет өңдеу, қарапайым
басып шығару, желіге нөмір теріп
кіру, файл тасымалдау, хэндсфри,
шағын гарнитура, пайдаланушы
интерйесі құрылғысы, нысан жіберу,
телефон кітапшасын пайдалану, SIM
картасын пайдалану, тізбекті порт,
қызмет табу қолданбасы, жалпы
нысан алмасу . Bluetooth
технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты
қамтамасыз ету үшін Nokiа
мақұлдаған қосымша аспаптарды
ғана пайдаланыңыз. Осы
құрылғының басқа құрылғылардың
өндірушілерімен бірге үйлесімділігін
қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану
мүмкіндігі батареяның қуатына
талаптарды арттырады және
батареяның қызмет ету уақытын
қысқартады.
78
Байланыс
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
Құрылғы құлыптанған кезде, тек
рұқсат етілген құрылғылармен
байланыс орнату мүмкін болады.