Үй желісі туралы
Үй желісінің көмегімен ұялы
құрылғыңыздағы медиа файлдарды
компьютер, дыбыстық жүйе немесе
теледидар сияқты басқа
құрылғылармен ортақ пайдалана
және үндестіре аласыз. Сондай-ақ,
құрылғыңызда басқа үй желісі
құрылғыларындағы немесе басқа
сыйысымды құрылғылардағы медиа
файлдарды қарай және ойната
аласыз. Мысалы, Digital Living
Network Alliance (DLNA)
куәліктендірген үй стерео жүйесін
пайдаланып құрылғыңызда
сақталған музыканы ойната аласыз,
ойнату тізімдерін және дыбыс
деңгейлерін тікелей құрылғыдан
басқара аласыз.
Құрылғыңыз Universal Plug and Play
(UPnP) сыйысымды және Digital
Living Network Alliance ұйымымен
куәліктендірілген. Үй желісін сымсыз
84
Байланыс
© 2010 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
LAN (WLAN) желісіне кіру нүктесі
құрылғысымен немесе
маршрутизатормен жасауға болады.
Сыйысымды WLAN қосулы және
DLNA куәліктендірілген UPnP
құрылғыларды желіге қосуға болады.
Сыйысымды құрылғылардың
мысалдары
•
Ұялы құрылғы
•
Сыйысымды компьютер
•
Теледидар
•
Дыбыстық жүйе
•
Дыбыстық жүйеге сыйысымды
сымсыз мультимедиа
қабылдағыш қосылған
Сондай-ақ, медиа файлдарды медиа
серверге сақтауға немесе медиа
файлдарды сыйысымды үй
серверінен алуға болады.
Үй желісінде құрылғыңыздың WLAN
функциясын пайдалану үшін сізде
жұмыс істейтін WLAN үй қосылымы
болуы керек.
Үй желісі WLAN қосылымының
қауіпсіздік параметрлерін
пайдаланады. Үй желісі мүмкіндігін
WLAN желісіне кіру нүктесі
құрылғысы бар және шифрлау
қосулы WLAN инфрақұрылым
желісінде пайдаланыңыз.