Nokia E5 00 - WLAN желісі туралы ақпарат

background image

WLAN желісі туралы ақпарат
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)

қосылымын пайдалану үшін ол сол

жерде қол жетімді болуы және

құрылғы WLAN желісіне қосылған

болуы керек. Кейбір WLAN желілері

қорғалған және оларға қосылу үшін

қызмет провайдерінен қатынасу

кілтін алу керек.

Ескерім: Сымсыз жергілікті

желілер кейбір елдерде шектеулі

түрде қолданылуы мүмкін. Мысалы,

Францияда сымсыз жергілікті

желілерді тек ғимараттар ішінде ғана

пайдалануға болады. Қосымша

ақпарат алу үшін жергілікті

мекемелермен хабарласыңыз.
Сымсыз LAN (WLAN) қолданатын

мүмкіндіктер немесе осы

мүмкіндіктерді басқа мүмкіндіктерді

пайдалану кезінде өңде іске қосып

қою, батарея қуатын көбірек жейді

және батареяның қызмет көрсету

мерзімін азайтады.
WLAN байланысының қауіпсіздігін

арттыру үшін, шифрлауды

пайдаланыңыз. Шифрлауды қолдану

басқалардың сіздің деректеріңізге

қол жеткізу қаупін азайтады.